Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  110


Автор: Қасымхан Бегманов

Сәуір де өтер

Сәуір тәуір болмады биылғы бұл,
Сағағынан дір етіп қыйылды гүл.
Долы дауыл бұтақты ала қашып,
Көкірегіме өзендер құйылды бір.
Көкірегіме өзендер құйылды бір,
Дір-дір етіп қылтиған қиылды гүл.
Қобалжиды жылқышы әрең шыққан,
Қалай сақтап қалам деп үйірді бұл.
Долы дауыл сыпырып кетті бәрін,
Соңғы сөзін айта алмай өтті ғалым.
Көктем қашан келеді дегенменен,
Менің өкпем ешкімге жоқ шырағым.
Суық жаңбыр қақты көп тереземді,
Бұзып-жарып ақты кеп сең өзенді.
Ағыл-тегіл жауғанмен ақ жаңбырлар,
Қандыра алмай қойды-ау жер кенезеңді.
Кенезеңді қара жер қандыра алмай,
Толқындары тулайды жарды ұра алмай.
Сабыр етсек сәл ғана сәуір де өтер,
Тәуір белгі артына қалдыра алмай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу