Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  113


Автор: Сайын Назарбекұлы

Күн еңкейсе, көлеңке ұзарады

Күн еңкейсе, көлеңке ұзарады,
Ел азарда кәрі шал қыз алады.
Заман азса, қылыштай хан бұйрығын
Даңғазаның жел сөзі бұза алады.
Күн еңкейсе, көлеңке ұзарады,
Арлы жандар ұяттан қызарады.
Тәрбиесіз қоғамда ер жігітке,
От басынан оңайлау түз азабы.
Алматы, 11.03.1995 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу