Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  143


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ән

(әнші Айгүл Қосановаға)

Таң да жақын, той әлі тарқамаған,
Шырқа солай, өз әнің шырқа балам.
Ән жұпарын сіңіріп манаурайды
Таң алдында анау бел — қырқа, далаң.
Салшы кеңге, шат шағың, жасқанбай бір,
Сезім сыйла, әніңмен шашқандай гүл.
Шырқау кеттің, сен қазір биіктесің,
Өнерімен атаңның аспандай біл.
Шырқа жаным тек қана қанатты әнді,
Елің әнмен ержетті, қанаттанды.
Мен де бүгін жаһанды жалғыз кезіп
Қарсы аламын, ғажайып, жәннәт таңды.
Осы әнменен қазақпыз, сәндіміз тек,
Осы әнменен қазақпыз, мәңгіміз тек.
Шырқау сазды ілініп қайтпай қалған
Кетті көкке сезімім әнді іздеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу