Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  223


Автор: Сайын Назарбекұлы

Желкенді қайық

Кішкентай ғана шарана,
Жүректей ерні бүлкілдеп.
Табиғат салған жара ма,
"Жан құйған еңбек" үлпілдек.
Әлемді байтақ көзге ілмей,
Қарайды ана қас қақпай.
Қызғанар жанға сездірмей,
Мақтанар және асқақтай.
Базарлы енді, үй қызық,
Мәндірек сезер заманын —
Жер шарын түгел сыйғызып,
Құшағы құйттай ананың!
Көкжиек — сонау, арманы,
Желкені — мынау, нәресте.
Болса да қауіп бар маңы,
Бақыты қола емес пе?
Ал өмір — теңіз толқыны,
Желкенсіз қалай жетерсіз!
Қинама жанды, делқұлы,
Ескекпен шаршап бекер, сіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу