Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  120


Автор: Сайын Назарбекұлы

Адам мен адам

Адамды адам өсірді, көкке самғатты,
Адамды адам жар етті, сүйіп таңдапты.
Оқ атса бірі оңдырмай жара түсіріп,
Жарасын таңып, біреуі сосын қамдапты.
Жек көре бірін, сүйеді бірін неліктен,
Шошытса бірі, жүректі бірі еріткен.
Еліне жау боп, ананың тілін арамдап
Жүргендер бар-ау, ғажапты сондай көріп пе ең?
Жоғалтқан жанын, мағына көрмей өмірден,
Айыра алмас алмасты тат-тат темірден.
Абзалын ойдың, тұнығын сөздің тата алмай,
Адамдар бар-ау, ойсыздық дәмге семірген.
Әлемге жау боп, атасын тіпті жек көріп,
Адамдар бар-ау ойлана алмас, шектеліп.
Мақсатсыз тірлік — жақынды, жатты көре алмай,
Адамдар бар-ау жататын сосын текке өліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу