Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  113


Автор: Сайын Назарбекұлы

Шипа

Әдетім бар оймен әлем кезетін,
Ой толқыннан жер тынысын сезетін.
Ел ұйқыда, сен қамқор боп отырсаң,
Тыныштығын, рахатын сезе түн.
Таптым!.. іздеп алпыс жылдай ақыры,
Бұным сірә, айтылмаған, тосын ой.
Бұйымым бар сырластарым беріндер,
Ой електен бір өткізіп осыны.
Зұлым ойдың тамырына балта боп
Шабылатын бір ерекше құрал бар.
Оған қарсы бәрі әлсіз, босына,
Арамдықтар, азғын атты құралдар.
Адам мен Жер шешілмеген жұмбағы,
Тырыс інім түсінуге бізді ұғып.
Зұлым қылық, зұлым ойдың емі тек —
Адал еңбек, адал ой мен, ізгілік.
Арамзаның ісі түгіл ойы да,
Түкке аспай қалады екен қылығы.
Қорғайды екен бар жауыздық дертінен,
Адал еңбек, асыл ойдың тұнығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу