Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  129


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сұрақтар

Ағайынды жақтағанда не таптым —
Шатағын шыдай берген төзім бе?
Достар сені мақтағанда не таптым —
Суып тынған ақырында сезім бе?
Өлең, сені жаттағанда не таптым —
Елден безіп, бөлектенген кезім бе?
Сұлу, саған жан пида ғып не таптым?
Тоқта, Сәке, торықпағын, езілме.
Ағайынды жақтағаннан
Аға болдың бұл күнде.
Өлең жаттап, ұмыттың ба,
Сөйлеп едің мың тілде.
Дос сағына өмір сүрсең,
Досың табар түбінде.
Сүйе білсең өкініш не,
Жұмаққа ендің со күнде.
Сенің қатең басқа болар,
Жырланбапты Тәңірің.
Ойға алмай жер-жаһанды
Жаратқанның өмірін.
Тайталасып Табиғатпен,
Талай күнә мойында.
Жетпіс жылдық ессіздікте,
Құдайсыздық тойында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу