Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  232


Автор: Сайын Назарбекұлы

Шүкіршілік

Алда талай арман бар — сағым-сонар.
Інілер бар аға дер, бағым солар.
Ата дейді, көпшілік, бұ күндерде,
Төрден орын береді, тағым болар.
Атақ та бар, абырой, байрақтарым,
Жерден мынау, шарықтап, айға аттадым.
Маған тыныш таптырмас намыс қылыш,
Қылпылдатып қойғасын, қайрап бәрін.
Жалым биік, талайлар санасарлық,
Жаным кішік, қалмадым аласарып.
Ен даламда қаншама сәлемшім бар,
Қош айтысып, ізетпен тарасарлық.
Асылық боп, кетпесін: түкір, түкір
Тазалыққа төгілді терім бүкіл
Бәрінде де саусақтың ізі жатыр,
Сатып бірін алмаппын: шүкір, шүкір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу