Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  107


Автор: Сайын Назарбекұлы

Тым тереңнен тіл қатады біреу үн

Көз алдымда қаракөк боп жатты аспан,
Бiрде адасып, бiрде санап дөп басқан.
Көкiрекке сыйыспаған көп ойдың
Кейбiрiне өз ұлымдай жақтасқам.
Адамшылық билесе деп жүрегiн,
Артығырақ тiлеп және тiлегiн,
Жатқанымда адалдыққа шақырып,
Тым тереңнен қатар сонда бiреу үн:
- Жарат, -дейдi, - осы сөздi пайдаңа,
Адам болып қалу керек қайда да.
Жiгiт болсаң, қап-қарағы түнде де
Қара пиғыл қараңғы ойлар ойлама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу