Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  333


Автор: Сайын Назарбекұлы

Адалдық, ұят – егіз үн

Адалдық, ұят – лебiзiм,
Құрайтын адам негiзiн.
Бiреуiн өгей ұстасаң,
Сыңары iздер егiзiн.
Ойласаң қулық не түрлi,
Адалдық кемiп, кетiлдi.
Жүйкендi ұят тырнайды
Қазымыр әке секiлдi.
Баптасаң сезiм-негiзгi,
Азамат нағыз дегiздi.
Кiрпияз ана iспеттi
Сарайы таза, жаны iзгi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу