Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  290


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ой

…Бұл дүние баянсыз –
Сусыған қызыл шағылдай.
…О дүние белгiсiз –
Мұнардай, елес сағымдай.
Сүремiн өмiр шағылмен,
Болғанмен бiрi сергектiң.
Айтпаймын оған жағын мен
Түр-түсiн күнде өзгерткен.
Баянды өмiр қайда бар?
Болса тек анда-сонда бар…
Таусылған қанша айлалар,
Бармауды ойлап сандалар…
Болғанда басқа жан қайғы,
Амалсыз дәме етесiң.
Адам жоқ, санам аңдайды,
Iздеген жолдың төтесiн.
…Қалсам ба осы шағымда,
Бәр-бәрiн ойлап қағынбай?
Сүрсем бе өмiр “сағымға”,
“Шағылға” тiптi бағынбай?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу