Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  134


Автор: Сайын Назарбекұлы

Пайда болды бір сұрақ

Шопыр болдым ел мақтаған атақты,
Шеберi деп өз iсiнiң атапты.
Мәшiн айдап отыз жылды өткiздiм,
Жазда бiр ай тасып бердiм масақты.
Ендi мiне ұлым қуып жолымды,
Бақыттымын ұл ұзартып қолымды.
Табысына алғаш алған баламның
Жаңаладым көптен ескi тонымды.
Бiрақ… менде пайда болды бiр сұрақ
Таппай қойдым, жауабы жоқ мың сұрап.
Төресi кiм? Барар едiм арызбен,
Отыз жылғы еңбегiме “құн сұрап”.
Өмiрiне жауап бердiм адамның,
Шаш ағарды, қиын жұмыс, алаңмын.
Адам тасып ер атанған әкеден
Табысы көп құм тасыған “жаманның”




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу