Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  182


Автор: Сайын Назарбекұлы

Қара нар, қара жусан

Жарамайда жiбек мата төсекке,
Ал тозғанда жабулыққа есекке.
Жамап-жасқап жасыратын иiндi
Бөз бен шыт қой, арзанқолдау десек те.
…Амалсыздан көндi ме өмiр тезiне,
Мүмкiн, әлде өз еркiмен сөзiне,
Мақсат етпей жарқылдауды жiбектей,
Ұқсап кеткен қазақ атам бөзiне?
Көнбемiз ғой өзгелердi сөкпейтiн,
Өз ұлына орынсыздау өктейтiн.
Қара нары қазағымның дәл өзi –
Мiну үшiн бiр ауыз сөз – “шөк” дейтiн.
Жұмсақ иiн, әдетi жоқ кектейтiн,
Көршi-қоңсы арын әсте төкпейтiн.
Қара жусан қазағымның дәл өзi –
Үсiп жатып, жанып жатып көктейтiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу