Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  142


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ана-құдірет

Құдіреттің белгісіз бір күші ме?
Кіріп-шықпас ғажаптар көп түсіңе.
Ойламаған жерден ылғи шығатын
Табиғаттың таң қаламын ісіне…
Жарататын Алла дейді адамды,
Дананы да, жақсыны да, жаманды.
Мүсіндеген тоғыз айдай Кісі ғып
Құдай десең болмайды ма анаңды.
Тентегім-ау, не істесең құп маған,
Дейді, күтіп болашақтан мықты адам.
Жетіссін деп жанын, тәнін силаған,
Шаранаға жарыққа әлі шықпаған.
Құдіреттің дәл өзі ме – Аналар,
Қалың елге, қас батырға пана бар.
Жеті қат Көк, бүкіл Әлем сиятын –
Ең зор ұғым – АНА деге шама бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу