Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  101


Автор: Сайын Назарбекұлы

Біздің ауыл

Тау болмайды бiздiң елде көк сеңгiр,
Ал төбе бар адам аяқ баспаған.
Сол ауылдың магнитi, сенсеңдер,
Шақ келе алмас, қала түгiл, астанаң.
Өзiне жоқ, төңiзi бар шалқыған,
Орманы жоқ, сайлары бар жыңғылды.
Әр құбылыс, әр тiршiлiк – жалқыдан,
Таңдайыңды қақтырады… кiм қылды?
Жылқылары адай тұқым жабылар,
Күрдек ұстар, аруана, қоспақты.
Қазақ қойы тұқымдыққа табылар,
Басқаларын мал санына қоспапты.
Шабыт бердi туған ауыл көктемi,
Дәл бүгiн мен шын ақынмын, төкпемiн.
…Көңiл күйдi бұзып кеттi көктегi
Ақ сызығы самолеттiң өктем үн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу