Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  120


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ауылда

Еске салар тәттіні қай-қайдағы,
Бақтылы мен Жұпардың балқаймағы.
Жан сусындар тыңдасаң ауыл шалын,
Бұлбұл үнді, зерлі сөз, бал таңдайлы.
Шұбат дәмі ашытқан Асылханның
Ерініндей, ай жүзді, ғашық жанның.
Келіндердің сәлемі – бидің биі,
Қалалық шал, абыржып, сасып қалдым.
Ас қайырар шалдары аңыратып,
Жігіттері күледі "жанып жатып".
Әзілдерін түсінбей жеңгелердің,
Тағдырыма налимын қаным қатып…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу