👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  04.08.2021
  18


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ұйқысыз түн

Тас қараңғы ұзақ түн мезi еттi,
Ұйқысыздың қозғалар кезi жеттi.
Түнi бойы жөтелген “соқыр аспан”
Жарқ еткенде байқадым – көзi кектi.
Жарық қылып найзағай жарты көктi,
Маған да бiр сыр-сезiм тарту еттi…
…Тек екi жас өбiскен тал түбiнде,
Жүрегiмдi сағыныш шарпып өттi…


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы