Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  518


Автор: Сайын Назарбекұлы

Елуге толған ұстазға

Төрт жирма бес өмір сүрген адам бар,
Әр қайсысы – ғажап алып қадамдар.
Бір жирма бес өмір сүрген адам бар,
Тындырғанын зерттер талай замандар.
Ұстаз үшін оқу жылы бір ғасыр –
Талай ғасыр өмір сүрген адам бар.
Ғасыр үшін жирма бес жыл бір қадам,
Жаны сұлу, өзі жап-жас адам бар.
Жас анадай түнмен кірпік қақпаған,
Шаршағанын берген білім ақтаған.
Тентектігін жас ұланның кешірген,
Сүйгендіктен еркелейді деп маған.
Реніш пе елуге жас жеткені,
Қуаныш па елге еңбек еткені!
Аппақ шашы – белгісіндей пәктіктің,
Куәсіндей аянбай тер төккені.
Жирма беске бұрын да бір келдіңіз,
Ұмытып та кетіппіз ғой, тіпті, біз.
Жирма беске тағы да бір шықтыңыз,
Балалық не, даналық не ұқтыңыз.
Құтты болсын қос жирма бес жасыңыз,
Құрметпен талай белден асыңыз
Мойындаймыз еткен сіздің еңбекті,
Алдыңызда иіледі басымыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу