Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  197


Автор: Сайын Назарбекұлы

Алма бағы

Қол тимеді, келе алмадым бұл күзде,
Көне тартып қалыпты ғой жол сізге.
Жалаң ағаш, тылсым төбе үн-түнсіз,
Әлде қыста бұ соғуым жөнсіз бе?
Мүлгуін-ай, сезімсіздей тым ұйып,
Діндар жандай ән мен күйден тыйылып.
Мені күте қалғып әлде кетті ме,
Жылуына ақ көрпенің бұйығып.
Гүл көктемде, думан жазда – жыр қандай,
Күзде қанша түр мен түске сырланды-ай…
Өнерпаз қыс – тағы өнерін танытты –
Осы бақта мақта өсіп тұрғандай…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу