02.08.2021
  97


Автор:  Аймұханбет Бейсембеков

Тек жан аламын ..

Қазақтың бір олигархы қатты ауырып, о дүниеге жүрейін деп жатады. Жан алуға Әзрейл келеді. Оны көрген олигарх:


– Сен кімсің? Күзетшілерден қалай өттің? Мен сені қазір қаматамын!


– Кімді-кім қаматады оны көреміз. Алдымен иманыңды үиір. Мен жан алғыш Әзірейлмін! Сенің жаныңды алуға келдім.


– Әз-еке! Жанымды алмашы, жалынамын! Не қаласаң соны берейін.


– Мына бес қабат сарай сенікі ме?


– Иә,менік, соны аласың ба?


– Ана алпыс қабат қонақ үй сенікі ме?


– Иә,менікі, соны аласың ба?


– «Майшелпек» халық аралық банк сенікі ме?


– Иә, менікі, соны аласың ба?


– Атраудағы алты мұнай сорғыш мұнара сенікі ме?


– Иә, менікі ,соны аласың ба?


– Арқадағы алты миллион гектар жер сенікі ме?


– Иә, менікі, соны аласың ба


– Осыншама  байлық  әкеңнен қалды ма?  Қайдан алдың?  Жауап бер сұраққа. Шындықты айт!


–  …  Бәрі алып жатқан соң…  мен де.. ептеп…


–  Ептеген дерің  мынау болса, «ептемегендеріңдікі»   қанша  сонда!  Мұның бәрін халықтың қазынасынан ұрладыңдар -ғой. Сен күнәкәрсің. Тозаққа барасың. Иманыңды үйір, жаныңды аламын!


–  Жан алғыш  Әз-еке! Келісейік. Осының бәрін  сен ал! Тек жанымды ала көрмеші ?!  Жалынамын!…


– Ақымақ! Осынша байлық жинамай, ден саулығыңды күтпедің бе? Байлығың саған арашашы бола алмайды.  О дүние саған пара беріп құтылып кететін сендердің  Қазақстаның емес!  Біде тәртіп қатты!  Мен пара алмаймын, жан аламын! – депті, Әзрейл.


 


Тек жан аламын ..


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы