Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  212


Автор: Сайын Назарбекұлы

Алғашқы махаббат

Сағынамын, алғашқым, өзіңді тек,
Өткен күндер жұқартты төзімді жеп.
Тағдыр сызған жазмышқа бағындық та,
Өмір сүрдік, амалсыз, сезім тежеп.
Біз кездеспей күн кештік "күз"ге дейін,
Іздемедім, өзіңді, іздемейін.
Тек махаббат сезімі қуат бергей,
Кетік тісті кемпір-шал бізге кейін.
Кімсің кәзір, білмеймін, қандай бақыт,
Құша алмағам кезінде таңдай татып.
Ұмытпаймын, себебі, жүрегімде,
Бір шырақ тұр, сен жаққан, сәуле шашып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу