Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  209


Автор: Сайын Назарбекұлы

Күрес

Жығылғандар жерден көзін алмайды.
Жеңімпаздар жерге көзін салмайды.
Бақ қонғандар тек биікке самғайды.
Тапталған ар оятады сан қайғы.
...Шабынуын арыстандай пәленің,
Намысымды жықпай жатып қорлаған.
Босқа кетті кішіпейіл сәлемім,
Сәл күте тұр, тәрбиесіз сорлы адам.
Анам, жарым, ұлым, қызым қарап тұр,
Палуанға теңдесі жоқ балап бір.
Әулиелер – бүгін жерге қаратпа,
Сен, өзің де, сал барыңды, талап қыл.
Анам мені батырым деп атадың,
Ұлым, қызым – періштесі арымның.
Еркекпін деп қалай барып жатамын,
Жерге аунап ап, төсегіне жарымның.
Шыда, шыда сабырлық қыл шырағым,
Сәті түссе жанар кәзір шырағың...
...Сенем, ұлым, тыраң еткен жауымның,
Белін басып, қол көтеріп тұрарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу