Өлеңдер ✍️

  02.08.2021
  118


Автор: Сайын Назарбекұлы

Арман

Күй тартсам ғой ағыл-тегіл төгіліп,
Тыңдаған жан тұрса жаны езіліп.
Болса ішінде құралай көз бір сұлу,
Шықпай тұрған тек жаны бар үзіліп.
Ой-хой шіркін, арман қандай әдемі-ең,
(Қиялдаймын қол жетпесті неге мен?)
Бірақ сезем ой-мұхиттың тереңін,
Арманның да сүруге өмір керегін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу