Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  223


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жас табиғат, кәрі адам

Тайғанаймын, табанның бүрі кеткен,
Дірілдейді буыным, сірә, көптен.
Ақ аспаннан жылы қар құйылып тұр,
Қартаймайтын баяғы зеңгір көктен.
Қыстың соңғы күші ме, зәрі кеткен,
Белгісі ме бұл әлде лебі көктем.
Табиғаттың жастығы қайта оралар,
Жаратушы, адамды, қатал неткен. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу