Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  123


Автор: Сайын Назарбекұлы

Кешіре гөр айтсам егер асылық

Біреуі едім мен де ерке үш ұлдың,
Бірақ саған өмір талай кішірдім.
Ал сен болсаң жалықпадың түртуден,
Енді міне мінезімді пісірдің.
Болмас енді іс қылмасам тіріліп –
Ақыл-ойым, күш-жігерім бірігіп.
Сонда байқа, өмір деген ақсақал,
Көрсетермін тап өзіңе ірілік!..
…Кешіре гөр айтсам егер асылық,
Ерегескем жүргендерге басынып.
Ғұлама өмір мойындаймыз, Ұлысың,
Жығыламыз, аяғыңа бас иіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу