Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  155


Автор: Сайын Назарбекұлы

Тұтқасы тірлік аналар

Әбіш Кекілбайұлының анасы, ел анасы – шешем Айсәулеге арнадым

Көрсоқыр заман қырсығып,
Көрсетті "жаудың" қызы ғып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.
Есерсоқ соғыс дүр шығып,
Еріңді алды қырсығып.
Маңдайды кетті бір сызып,
Жүректе қалды бір сызық.
Айрылып тағдыр талағы,
Шектің ғой қайғы-наланы.
Сыздайды-ау жүрек, әжімің
Тереңдей түсіп барады.
Болаттан бетер бекіне,
Кешпеген сендер кесір жоқ.
Жетім боп қалған жетіде,
Он жеті жаста жесір боп...
Ардақты біздің аналар,
Аян-ды қабақ шытпасы.
Ерлікке өмірі барабар,
Өздерің тірлік тұтқасы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу