👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  17


Автор: Сайын Назарбекұлы

Өлең

– Өлең сенің анаң болса қайтер ең?
– Өмір бойы ардақтаумен өтер ем!
– Өлең сенің жарың болса қайтер ең?
– Өмір бойы арын қорғап өтер ем!
– Өлең болса арғымағың қайтер ең?
– Өз қолыммен жалын тарап өтер ем!
– Өлең сенің дертің болса қайтер ең?
– Өле-өлгенше қабақ шытпай көтерем!
...Ана болмай өгей болса бұл өлең,
Онда қайтем?.. Бақытымнан көрем де...
...Жарым болмай бетпақ болса бұл өлең,
Онда қайтем?.. Айтқанына көнем де...
...Шабан мҽстек боп кездессе бұл өлең,
Онда қайтем?.. Озбасам да мінем де...
...Дертім болса жазылмайтын бұл өлең,
Онда қайтем?.. Сол дертімнен өлем де...


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы