Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  173


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жігіттерге

Жiгiттен көрсем тектiлiк,
Арнаймын жолға сәт тiлек.
Шыңына асқар арманның
Тұрамын шықса деп тiлеп
Жiгiттен көрсем ептiлiк
Жүретiн ылғи еп қылып,
Ашида жаным, себебi,
Мысқылдар сырттан көп күлiп.
Жiгiттен көрсем кектiлiк,
Мүсiркей оған қараймын.
Толтырған iшiн кек қылып
Көкiрек деген сарайдың.
Жiгiттен көрсем жiкшiлiк,
Жiгерiм, жасып қаласың.
Алалап қарау итшiлiк
Ағы мен көздiң қарасын.
Көрмеске бармын моласын,
Өшетiн елдiң баласын.
Жiгiттен көрсең естiлiк,
Атағы жатса естiлiп,
Өсетiн елдiң баласы,
Болмаса мансап таласы,
Көңiлде және аласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу