Өлеңдер ✍️

  01.08.2021
  102


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сағыныш

Кезі болар адамның сағынатын,
Бірақ арман алыста не ғыласың…
Ауған шақта ниетің аңсарыңа,
Сағыныштың сезесің мағынасын.
Сағынғанда жарыңды төбеге шық,
Балтырыңды дымқылдап өбеді шық.
Сағынғанда аулыңды далаға кет,
Болсадағы қызығың қалада көп.
Бір қария, атаңдай, жолыққанда –
Жүрек соғар, елжіреп, толып қанға.
Жастық шақты сағынсаң амал бар ма,
Ол алынбас қалды ғой қамалдарда…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу