Өлеңдер ✍️

  29.07.2021
  7192


Еске алу бауырлары

Бауыр десе жұлып берер жүрегін,


Әпке деген асыл жан дүниедегі!


 


Руы Тобықты – Ақсары – Назар


Досымбекова Барқұт Есдәулетқызы


 


1 жыл өтті өзіңді көрмегелі,


Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді.


Қойны суық қара жерге бере алмай,


Сағыныштан ет жүрегіміз езілді.


 


Амал бар ма құдіреті күшті Құдайға,


Не істерін Алла бізден сұрай ма?


Асыл бауыр, ақ жүзіңді сағынамыз,


Алланың жазғаны ғой не қыламыз.


Сонда да ойлай-ойлай нұр жүзіңді,


Туған-туыс, дос-жаран боп еске аламыз.


 


Алла салды басымызға сынақты,


Жиі еске алсын деп пе жылатты.


Қайғыс мен қызығы көп өмір-ай,


Бірде көтеріп, бірде жығып, құлатты.


 


Апатай, шаңыраққа болдың пана,


Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.


Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда,


Сағындық қой сізді, баршамыз да.


 


Бауырлардың әрдайым тірегі едің,


Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.


Болмасаң да бүгін біздің жанымызда,


Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.


 


Жұбанышпен жанымыз жабырқаулы,


Сағынышпен туғандары еске алады.


Өзіңізбен тәрбір өткен күндеріміз,


Жадымызда мәңгіге сақталады!


 


Мәңгілік кім бар дейсің бұл жалғанда,


Ортада жүрсең өзің арман бар ма?


Қапияда кеттің-ау «қош» дей алмай,


Жақындарға, туған-туыс, бауырларға.


 


Арамыздан кете бардың алыстап,


Уайым-қайғы жүректерді жаныштап.


Пейіштің төрі болсын орыныңыз,


Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.


 


Мейіріммен жымиған күлкіңізді,


Еске алып мәңгілікке сағынамыз.


Жатқан жерің, жан бауыр, жайлы болып,


Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңде!


 


Сұм ажалдың дегеніне бағындық,


Бір Аллаға жалбарынып жалындық.


Ортамыздан табылмадың, апатай,


Нұр бейнеңді бүгін біздер сағындық.


 


Сағынып таусылардай көздің жасы,


Өмірдің тоқтағандай бар ағысы.


Елесің арман болды, жыл өткердік,


Қиылған бауырымның ғұмыр жасы.


 


Кетпейді құлақтан еш бөлек үнің,


Әттең-ай кім біледі жөнелерін.


Алладан медет тілеп дұға етеміз,


Туысқан нағашы жұрт, бауырларың.


 


Пейіштен берсін деймін саған орын,


Несіп етсін көруге жұмақ төрін.


Бақыл бол, апатайым, жан бауырым!


Сақталар жүректерде сенің орның!


Мекенің жұмақ, мінгенің пырақ, қараңғы үйің жарық болсын, асыл бауырым!


Сағына еске алушылар: әкесі – Есдәулет, бауырлары, күйеу балалары, келіндері, жиендері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу