29.07.2021
  1505


Асықпа

Дана қарттан “Өміріңізде мақсатыңызға жете алмай, өкінген кезіңіз болды ма?” деп сұрағанда, ол ұлудың оқиғасы туралы айтып берді.


Көктемнің салқын күні. Әлі гүлдемеген шие бағында ұлу бұтаны жоғары бойлап кетіп бара жатқан еді. Сайраған құстар қатты күліп:


-Шие әлі гүлдемеген, қайда асығып барасың?, – деп келеке ете бастайды.


Еш жабырқамастан:
— Гүлдейді, мен жеткенше, – дейді ұлу.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу