Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  124


Автор: Индира Кереева

ОЙ

Кірпігіне Көктемнің Мұң қонақтап,


Енді азаппен оятып Таңдар атпақ...


Құшағыңда жұтылып кете бардым, Аңдаусызда


Арман мен Ардан аттап.


 


Тағдырымды


Түн ғана шешті ме анық? Таңға жетіп...


Үмітім өшті барып. Адал едік....


Біз бірақ


Ар алдында,


Кешірімді бәрібір кеш сұрадық.


 


Көктем келіп,


тақымға ап сұрақ Күзгі,


Тағдыр бәлкім осылай сынақ тізді....


.... Бірімізді біріміз кешіргенмен,


Кешірді ме


Арымыз.. Бірақ Бізді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу