Өлеңдер ✍️

  28.07.2021
  111


Автор: Индира Кереева

АҚЫРЗАМАН

Кінә тақпа қайсарлы халқым маған,


Болсам егер қонақтай шақырмаған.


Мен айтпасам,


жайыңды кім айтады,


Тілден шектеу қоймаған ақынға адам.


Ақ найзамен қорғаған батыр бабаң,


Қытайлармен тапталып жатыр далаң.


Сары дала төсінде сақ ұл Қаған,


Сақтап қалған еді ғой отыңды аман.


Әр сөзінен ар кеткен ақсақалың,


Тары сатқан кейуана...


Қотыр қоғам.


Қара базар кезеді нәпақа іздеп,


Қайыршыға айналған қатын,


балаң.


Қазыналы сөз қайдан айта алады,


Қарттар үйін мекендеп қартың маған?!


Жата бермес намысың әдірам қап,


Жауың келіп төбеңде тасырлаған.


Түркі ұрпағын тумайтын батыр етіп,


Темекімен ысталған жатыр жаман.


Қазақ тілін білмейтін қазағың көп,


Өзге тілде таңдайы тақылдаған.


Тумысынан тастанды атанатын,


Сәби бар ма шетелге сатылмаған?!


Сізге өтірік,


маған шын, сенесіз бе,


Бізде қазір


тап­таза АҚЫРЗАМАН!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу