Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  109


Автор: Сәкен Иманасов

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа

Мінгізіп ең мінсіз жарау құр атқа,
енді мені бастасаңшы жұмаққа,
емін-еркін күлейік те біз де бір,
жүрейік те жан баспаған жырақта.
Жалғыз жұтып тауысардай көліңді,
қандырсаңшы қаталаған шөлімді.
Бұрыс қалған баққа барып, бой түзеп,
Жазайын бір құрыстанған белімді.
Енді, жаным, елемеші ел сөзін,
бұрынғыдан батылырақ болшы өзің, —
Бүгін бізге иіп тұр ғой дүние,
жұмағың да тиіп тұр ғой.. қол созым.
Кім біліпті қайда барып тынарын,
Сүйреп алып кетті мені бір ағын,
аман-есен өткізе гөр ар жаққа.
жағалауға жеткізе гор, шырағым.
Сұлуырақ бола түсіп енді өмір,
Күйсандықтай күмбірлейді кең көңіл,
Енді өзіңе ерейін де, жарығым,
бақытты боп көрейін де мен де бір...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу