Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  116


Автор: Сәкен Иманасов

Наурыз Қылышбаевқа

Сері десем — сенбессің, серке десем — көнбессің,
зәру емес мақтауға, мақтаусыз да өлмессің,
жалын атқан сонау бір жас кезімнен мен үшін
осы өңірде бір туып, біте қайнар жерлессің.
Хансың десем — қаймығып, нәнсің десем —
нанбассың, әкімдердің көңілін ақын қалай дәл бассын,
Аға болған Ақсуға, жаға болған Көксуға
басқалардан біртабан жақынырақ қандассың,
Аяқ асты өзіңе түсті екен деп бір ісім,
қандырғалы тұрғам жоқ құлағының құрышын,
дәрежеңді тәңірім артық еткен, дәркемді
жалайырдай атаның жақсы туған ұлысың.
Тарамаса барсыншы —
алты алашқа атағың,
ағайының ардақтап, қадірлейді қатарың,
сомадай боп алдыңа келіп едік зәуде бір
қайтамын ба, кім білсін, құр сымпиып сақалым?!

Бұл әзіл өлеңді Көксу ауданында әкім болып тұрған Наурызды іздеп барып, орнын сипап қалған бір тұста (1994 жылы) жазып, қабылдау бөлмесінде қалдырып едім. Әлдебір ағайын өзіме әкеліп берді.
2003 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу