Өлеңдер ✍️

  26.07.2021
  174


Автор: Сәкен Иманасов

Мұқаметжан Қаратаев рухына

Асып-тасып, ақтарыла кемерден
Қызынғанын көре қойған жоқ ем мен.
Анық басып, ақырындап жүріп-ақ,
Жоғарырақ тұрушы еді көп елден.
Иығы асып нелер пысық, "мықтыңнан",
Бейбастықты беделімен ықтырған.
Бала жастан өзін елге әйгілеп,
Кім екенін сөзімен де ұқтырған.
Өзі де өткір, сөзі де өткір алдаспан,
Шыңға қарай өрмеледі талмастан.
Шәу-шәу етіп қала берді көп күшік
Баяғыдан балағына жармасқан.
Ұрпағына аты өнеге, хаты үлгі,
Өзі — мәңгі! Сөзі қалды татымды.
Мұқаң менің көз алдымда тұрады
Алыптардың тұяғындай ақырғы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу