Өлеңдер ✍️

  25.07.2021
  129


Автор: Сәкен Иманасов

Қолданып (қолдан келер) біткен емін

Қолданып (қолдан келер) біткен емін
кісідей күңіренем деп күтпеп едім, —
қазақтың жалқы туар бір ақыны ек,
болмай тұр со қазаққа түк керегім!
Жүр ме деп бір сөз күтіп әлі менен.
Жазушы ем жұрағатқа налып өлең, —
көніп-ақ тәңірінің салғанына,
болып-ақ кеткен екен бәрі керең.
Болмаса екеу-екеу өз күбірі,
ұғудан қалған екен сөзді бірі.
(Тексізі теріс қарап — тыңдамай түк,
үкімін ымдап айтып ездің ұлы!)
Әркімнің үргеніне ере кеткен,
Кезігіп көріп пе едің "кереметпен"? —
Түрі жоқ өзіңізді елейтін де,
бірі жоқ сөзіңізді керек еткен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу