Өлеңдер ✍️

  25.07.2021
  119


Автор: Сәкен Иманасов

Арасында "үр-рит, үр-рит, үриттің"

Арасында "үр-рит, үр-рит, үриттің",
жауларымды жеңе алмадым... жымиттым.
Ағайынды ерте де алмай сөзіме,
тұмсығынан шерте алмай бір иттің.
Бұ тірлікте басқа қызық жоқтай түк,
жүріппін-ау обырға да өкпе айтып,
атқан "оғым" дарымады ешкімге,
оған бола жарымады кек қайтып.
Келмейтінін кейін біліп ешкімге әл,
басы ауырған маскүнемдей кепттім хал,
ана жақты, мына жақты шолғанмен,
кісі қалмай бара жатты сес тыңдар.
Іріп-шіріп кешегі ұран, ескірді үн,
ескіргенін есем кете.. кеш білдім, —
білдім және жасымасын жауымның,
маған жаны ашымасын ешкімнің!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу