Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  107


Автор: Сәкен Иманасов

Жағынбадым әкіміңе, әмірге

Жағынбадым әкіміңе, әмірге,
жалбарына жалынбадым тәңірге,
намысымды берген жоқпын қолымнан.
көнген жоқпын қиянатқа, жәбірге.
Бала жастан алдым солай бекініп,
маған да ешкім көрген емес зекіріп,
ала жібін аттамадым ешкімнің,
аллаңды да мақтамадым өтірік.
Әдетің бе ұлық емес елге ұрсу,
сен де менен күтпей-ақ қой көлгірсу,
таза болса — таза шығар көңілің,
ал біздікі — ағынды су, мөлдір су!
Ат та емеспін тұра қалар жем берсе,
жақсыларға жат та емеспін — тең көрсе,
біле алмаспын тірліктің де көп сырын,
бірақ өмір сүре алмаспын сендерше!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу