Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  122


Автор: Сәкен Иманасов

Тірлігімнен түк өнбей

Тірлігімнен түк өнбей,
тілім неге байланды?
Жан-дүнием түгелдей
жаңғырыққа айналды.
Жазбасын да кеселге,
жауға айналып тұр белес.
Қанша таяқ жесем де,
қайтейін-ай, кірмеді ес!
Қарамаппын әліме,
қарайғанды дос деп пе ең,
жұрағаттың бәріне
жүгірумен өшті өкпем.
Көп сырымды ішті емге
"көріпкелі" бар ағай,
сергелдеңге түскенде
септесуге жарамай.
Таға алам ба көпке мін,
Талады деп жат талай
Досқа деген өкпенің
іште бұғып жатқаны-ай!
Қателесіп жүрдім бе,
кеше ғана кеп едім.
Жерге қарап бір күнде,
Желім болды жегенім.
Ірің болып ішкенім,
Іркілдім де қалдым мен.
Күресуге күш кемін,
қулар қалай дәл білген!
Шықпайды ащы қалай үн,
шындықтан да түңілдім. .. .
Қоя-ақ қойшы, ағайын,
Керегі жоқ түгіңнің! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу