Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  204


Автор: Сәкен Иманасов

Тұңғыш рет сүйіскен қыздың сөзі

— Кешір, жаным,— дей беріп ем,—
күттірсем!
Қатты қысып,
құшағыңа тықтың сен...
Аспан құлап бара жатты үстіме,..
құдай ұрсын,
содан кейін... түк білсем...
Алғаш рет ерінге ерін тигенде,
қарсыласар қалмады ма күй менде,—
қаным тасып ақты ма әлде бойдағы,
ақ төсіме батты ма әлде түймең де..
Қайда менің алаңғасар ақ таңым,
қалды есімде —
кілт үзіліп тәтті әнім,
әлдеқайда ағып қана, дүние-ай,
құшағыңда талып бара жатқаным!..
Ақылымнан адастым ба әлде мен,
осы ма еді шығардағы жан деген!—
Жұлдыз жиі аққан еді аспанда,
иіп бара жатқан еді бар денем...
Көзімді ашып алғанымда...
әлгі бір
қайта естіліп маңайдағы бар дүбір,
келегейлеп қасымдағы сені де,
көпке дейін басылмады...
сәл діріл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу