Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  242


Автор: Сәкен Иманасов

Барарсың да батыл үдеп

Барарсың да батыл үдеп,
түсер бір кез ой басқа,
ар азабы ақыры кеп,
өкіндірмей қоймас та.
Барлығын да еске аларсың,
біраз жылдар өткізіп.
Амал қанша,
кеш қаларсың,
көзден ұшып көп қызық.
Арманым деп,
аймалаған
адам таппай кешқұрым,
боларсың бір айлап алаң,
ішіңді өртеп ескі мұң.
Ас та батпай ішер мынау,
ішінде бір жанғанда от,
мен есіңе түсермін-ау,
алыстағы арман боп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу