Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  103


Автор: Сәкен Иманасов

Балалық шақтай кешегі

Балалық шақтай кешегі
бұлдырап барып жоқ болған,
ол да бір ғажап кеш еді
жаныма өшпес от қонған.
Аймалай құшып тұрғанда,
айнала балқып, түн ысып...
Тірі жан жоқтай бұл маңда,
тұрушы ек тілсіз ұғысып.
Сағымдай бәрі өтті ағып,
ит-көңіл жұртта қалды ұлып.
"Ғашығың едім..." — деп барып,
үзілді бір үн
жаңғырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу