Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  127


Автор: Сәкен Иманасов

Әрең өтіп ауыр күн,

Әрең өтіп ауыр күн,
әлсіреген түн еді
аулақтағы ауылдың
иті неге үреді?
Не бір күбір,
не басқа ән
естілмейді таяуда,
Түн жамылып,
дөң асқан
аттылы ма, жаяу ма?
Бір орнында тұра алмай —
тоңдырды ма түнгі ызғар,—
үнін қатты шығармай,
жымың қақты жұлдыздар.
Шабаланып ит үрді,
шәуілдесті қалғаны,
аулақта бір үй тұрды
сөніп-жанып шамдары.
Бұлтқа барып бұғынды ай,
жеткізер ме жаяуға,
аузыма кеп тығылмай,
беу, жүрегім, баяула!
Құлағымда күндізгі үн,—
түнгі ұйқымды бұзған кім?
Әлде бөтен бір қыздың
берекесін қызғандым?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу