Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  86


Автор: Сәкен Иманасов

Туа біткен қандай көрік

Туа біткен қандай көрік,
тамсанумен құрғады үн.
Тамыздағы таңдай болып,
тамылжып-ақ тұрғаның!
Жыл бойына жұрт үкілеп
жеке баққан құлындай.
Жанарыңа күлкі түлеп,
жәудіреген түріңді-ай!
Қарай-қарай көңілі ауып,
қара бассын дедің бе,—
бұлдырықтай омырауың,
қылдырықтай белің де.
Жүрсін деп пе ең дымы құрып,
үміті де үзілмей,
Еріндерің тұр үгіліп,
енді піскен жүзімдей.
Тасып аққан Іледейін,
толық қара бұрымың.
Қалай ғана жүдемейін,—
құрттың мені, құрыдым!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу