Өлеңдер ✍️

  23.07.2021
  145


Автор: Сәкен Иманасов

Асықпа

Шыдашы сәл-сәл, асықпа,
жанымды бекер жасытпа.
Ғашық та бол сам қайтейін,
барар жер әлі қашықта.
Болайын сенің құрбаның
мойныңды бері бұрмағын,
айтпай-ақ қойшы алдымда
тағы не күтіп тұрғанын.
Ақындар едік — күйрек ек,
қайтесің мені сүйрелеп.
Шырылдап тұр ғой жүрегім:
"тимеші бұған, тиме!"— деп.
Бар еді біраз бергенім,
бағамды білсін ел менің.
Асықтыра да көрмеші,
алдымда деуші ем көрмегім.
Бұйыра бермес жылда төр,
мына бір қызыл гүлді әпер.
Асықпа, ана жақтарда
бар сияқты ма бір қатер?! 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу