Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  100


Автор: Сәкен Иманасов

Бәрі бекер

Қыдырып, қыз-дүние, тізіле көш,—
үздігіп көрген жоқпын үзіп өңеш,
мүмкін-ау үдеуі де,
жүдеуі де, —
мен үшін біреуі де қызық емес.
Қаншама жасырғанмен ізін қайғым,
тұра ма — құдай ұрса бұзылмай күн,
түңіліп түбі терең тіршіліктен,
бүлініп,
бұрынғыша қызынбаймын.
Асығып,
осыншалық аптыққанда,
жүрегің жұбанардай таптық па арна?
Көңілдес ағайынға сөз салар ем,
көрінбес көз ұшында шаттық бар ма?
Кім менің отымды алған іргедегі?
Білмедім,
тілім неге күрмеледі?
Ойыңа осындайлар түскен шақта,
бойыңа күш-қуатты кім береді?
Жалықпай,
жанды қинап,
бекері не,—
сөз айттым жете ме деп жетеліге,
Өз елің,
өзеніңнен басқалардың
көз жетті — бәрі бекер екеніне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу