Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  211


Автор: Сәкен Иманасов

Тағы ұнарсың біреуге

Тағы ұнарсың біреуге,
тағы ұнарсың,
Тағы да ұнап,
тағы да жаңыларсың.
Мен есіңнен шықпаспын қайда жүрсең.
Жек көріп те отырып, сағынарсың.
Мен де, бәлки, біреуге тағы ұнармын,
Тағы талай тірлікте жаңылармын.
Сені есімнен, әйтеуір, шығара алмай,
Жек көріп-ақ отырып, сағынармын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу