Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  115


Автор: Сәкен Иманасов

Жанып та жанып кетердей

Жанып та жанып кетердей,
Тірліктің құнын кем ұғып,
Дауға да кіріп бекер кей,
Жүрген бір шақта еліріп,
Еріп-ақ досқа өжет пе,
Қызып та кетіп бір қаным,
Шаужайдан алып, тежеп те,
Тоқтатып неге тұрмадың?
Тартуды қайда білмей де,
Басымды тауға, тасқа ұрып,
Кездеспей,
Күткен бір бейне,
Жанарымда да жас тұрып,
Жүрген бір шақта жалқы өтіп,
Жалығып қайсы даң-дұңнан,
Жұлдызым болып жарқ етіп,
Шықпадың неге алдымнан?
Жортуыл мінез кештетіп,
Тереземді де қақты арбап.
Еліре сүйіп, ес кетіп,
Егіле құшқан шақтарда-ақ,
Дауыл боп неге жетпедің.
Деміңнен ыстық есіп от,
Өртеп те неге өтпедің.
«Махаббат деген осы»!— деп.
Жанбадым ба, әлде жандым ба,
Шүкірлік айтып ақ таңға,
Оңаша,
Жасыл шалғынға,
Отау үй тігіп жатқанда,
Алай да түлей бұлт ұшқан,
Қарауытып барып көкте күн,
Жай болып тиіп бір тұстан,
Жайратып неге кетпедің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу