Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  117


Автор: Өтепберген Ақыпбекұлы

Астана. Қыс. Көктайғақ

Астана. Қыс. Көктайғақ…
Көшелерден өт жайлап:
Машиналар –
Сырғанар,
Сәл кiдiрсе тоқтай ғап.

Мұз ойнақтай:
Көше,
Алаң,
Тайғанақтар өкше одан.
Бүгежектеп, бүгiлiп,
Тiк жүре алмас еш адам.

Күндiз ерiп қар қатқан,
Су жиналар жан-жақтан.
Құм себiлген тастақ жол,
Шарайнадай шаң басқан.

Күн нұрына балбырап,
Тер сорғалап,
Қалжырап:
Шатырға өрлеп шыға алмай,
Сүңгi мұз тұр салбырап…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу